Жаңалықтар
Үй жанынан дүкен салғысы келетіндерге мемлекет қолдау көрсетпек
Фото: ашық дереккөз
Қазан айында кәсіпкерлер үшін бюджеттен 4 млрд тг бөлінеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Қаражат 4 мақсатқа бағытталған. Олар сауда базарларын жаңғыртуға, сауда объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялауға, сондай-ақ үй жанынан дүкен салуға және салада IT бағдарламалар жасау үшін болмақ.
Шарт бойынша облыс орталықтарындағы кәсіпкерлерге берілетін сома – 3 млрд тг. Моноқалаларға немесе ауылдық елді мекендерге – 1,5 млрд тг.
Қолдау 2 тәсілмен көрсетіледі. Біріншісі несие мөлшерлемесін субсидиялау. Оның мерзімі инвестициялық мақсаттарға арналған жобалар 5 жылға, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға берілмек. Ал, екіншісі нНесиеге кепіл болу. Кепіл жетпеген жағдайда жұмыс істеп тұрған субъектілер үшін – 50 % дейін. Жұмысын енді бастаған, құрылғанына 3 жыл толмаған нысандар үшін кредит сомасының 85% несиеге кепіл болады.
Айта кету керек, қолдау «Даму» қоры арқылы жүзеге асады. Қатысушыларға тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттеріне жүгінуге болады. Сонымен қатар, бағдарламаға ойын-сауық орталықтары қатыса алмайды.