Жаңалықтар

Үйге қайтарып жіберді: Танымал дәрігер ақ халаттылардың қолынан қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Павлодар облысының танымал комбустиолог-дәрігері Марат Қанжыгалин 11 қаңтарда Астанада қайтыс болды, деп хабарлайды qandastar.kz ALASH.KZ-ке сілтеме жасап.

Newtimes.kz мәліметінше, марқұмның жұбайы бұл жағдайға байланысты Президентке видеоүндеу жолдады.

Әйелінің айтуынша, оның күйеуі дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмған.

Белгілі дәрігердің әйелі Гүлнәр Төхметова Instagram желісінде видеоүндеу жариялап, трагедияға алып келген оқиға қалай болғанын жан-жақты баяндап берді.

«Өткен жылдың 16 желтоқсанында күйеуімді инсульт болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызды. Алайда қабылдау бөліміндегі дәрігерлер тексерістен кейін оны үйіне жіберіп, ол үйіне жете алмады», – деді ол.

Гүлнәр Төхметованың айтуынша, жансақтау бөлімінде жатқан кезінде Марат Қанжыгалин ауыр бас-ми жарақатын алған.

Осы жарақаттан кейін ол 26 күн комада жатқан. Жесірінің айтуынша, дәрігерлер бұл оқиға туралы полицияға хабарламаған, бұл – ереже бойынша міндетті.

Қылмыстық іс тек науқас қайтыс болғаннан кейін ғана қозғалған. Әйелдің сөзіне қарағанда, алдымен медициналық мекеме басшылығы бейнежазбалар 10 күн сақталады десе, кейіннен дәрігерлік құпияға сілтеген.

Отбасы Бас прокуратураға, Денсаулық сақтау министрлігіне және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне шағымданған.

Алайда, әйелінің айтуынша, бұл мекемелер тек ресми жауаппен шектеліп, бас дәрігер кездесуден жалтарып жүр.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайға байланысты түсініктеме беруден бас тартты, себебі тергеу құпиясына жататын мәліметтер бар.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close