Танымал актер Аян Өтепберген жұбайымен отбасын құру туралы шешімді қалай қабылданғанын әңгімелеп берді, деп жазады qandastar.kz.
Актердің айтуынша, болашақ жары алғашқы кездесуден кейін бір ай өткен соң, одан нақты жауап талап еткен.
«Екеміз де төмендеген жоқпыз әлі. Ол – адайдың қызы. Бірінші кездесуімізден бір ай өткен соң ол маған: «Үйленесің бе? Онда үйлен. Үйленбейсің бе? Онда үйленбей-ақ қой. Нақты айтшы», – деді.
Үйімнің алдына таңертең келіп, кешке дейін мені күтіп отырды. Сол кезде «болды, жарайды» деп шешім қабылдадым», – деді актер.
@syr.zhobasy #сыржобасы #рекомендации #сырподкаст #подкаст #сыр ♬ Abylai Dariga zhurek guitar version — abbakzz



