Жаңалықтар
Үйінді астында қалып, қайтыс болған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды

Фото: ашық дереккөз
Үйінді астында қалып, қайтыс болған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды, деп жазды qandastar.kz
Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, насос машинисі; Жакубаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жерасты тау-кен шебері; Жұмадуллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты кеншісі; Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі; Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, бұрғылаушының көмекшісі; Нурулдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінде энергетик; Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен жабдықтарының электр слесарі.