Жаңалықтар
Үйіне қоқыс жинаған: Атырауда пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Фото: oka.fm
Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 60 жастағы ер адамның мәйіті оның қоқысқа толы пәтерінен табылды. Көршілер бірнеше күннен бері үйден тараған жағымсыз иіске шыдай алмай, полиция шақырған. Кейін ер адамның бірнеше күн бұрын көз жұмғаны анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz ақпараттық порталы Atyrau online Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Марқұмның көршілерінің айтуынша, ол жылдар бойы үйіне қоқыс жинаған. Қайғылы жағдайдан кейін кіреберіс адам төзгісіз иіске толып, тұрғындар өз беттерінше қаражат жинап, қалдықтарды шығару үшін жұмысшыларды жалдаған. Алайда, барлық қоқыс сыртқа шығарылғанымен, сасық иіс әлі де кетпей отыр.
Әкімдік бұл мәселеге байланысты түсініктеме беріп, арнайы бригада пәтерді тазалағанын, ал санитарлық-эпидемиологиялық қызметке ресми хат дайындалып жатқанын хабарлады.
Санитарлық қызметтерге ресми сұрау жолданады. Пәтерді дезинфекциялау да жоспарланып отыр, — деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген.