Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы жайлы іс бойынша туыстары сұхбат беріп, көпшілік естімеген жайтты жария етті, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Qazaq AIRAN YouTube-подкастына берген сұхбат барысында марқұм Мақсот Қарабалиннің туған қарындасы Әдемі Шылмағамбетованың айтуынша, Наурыз оған қараша айының басында WhatsApp арқылы алғаш рет өзі хат жазған. Сол сәтте ол отбасындағы жағдайдың ушығып тұрғанын жазыпты.
Үйленейін деп едім, қызымның аяғы ауыр. Бейнеуде, оралман. Апам айқай шығарып жатыр. Үйлендірмеймін, алғызбаймын деп жатыр, – деген мазмұнда сөз жеткізгенін Әдемі Шылмағамбетова еске алды.
Қарындасы оған: «Жасың келді ғой, неге үйлендірмейді?! Адамың болса болды емес пе?! Сөйлесеміз», – деп жауап қатқанын айтады. Алайда, сол әңгімеден кейін Наурыз қайта байланысқа шықпай, хабарсыз кеткен.


