Британдық боксшы Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг туралы жаңалық шыққан соң, оған ашық түрде ауыр сөздер айтты, деп жазады qandastar.kz.
Ақпарат тарағаннан кейін Бентли X желісінде бірнеше сын пікірлі жазбаларды репост жасап, өзі де ауыр мәлімдемелер қалдырды.
Бір жазбасында ол Жәнібекті балаларды қорқытатын мағынасында «бугименге» теңеп:
«Мына жалған бугимен допинг-тесттен өте алмай қалыпты», – деп жазды.
Басқа жазбасында британдық спортшы Жәнібекті «үйсіз» деп қорлады.
Еске салайық, 2022 жылы өткен жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы Бентлиді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.
Fucking bum 😪 https://t.co/BHu5spO85X
— Denzel Bentley (@2Sharp_d) December 2, 2025


