Жаңалықтар

Үкімет ақша бөлсе де, тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлер әлі өтемақы алмаған

Фото: Айқын.кз

Вице-премьер Қанат Бозымбаев бюрократияның кесірінен өтініш берген бизнес өкілдерінің үштен бірі ғана өтемақы алғанын айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Мұндай бюрократия тұрғындар арасында наразылық тудырады. Осы жағдайды анықтау үшін бұл істі қолға аламын. Біз су тасқыны туралы емес, су тасқыны мысалында әрекет ету жүйесінің дайындығы туралы айтып отырмыз. Біз төтенше жағдайға тез ден қойып, зардап шеккен азаматтар мен шағын және орта бизнес үшін қажетті көмекті жедел жеткізуіміз керек. Жұмыс тобын құрып, барлық рәсімдерді жеңілдетіңіздер», — деді Бозымбаев.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close