Жаңалықтар
Үкімет жеңілдетілген автонесиені көпбалалы отбасылар үшін бағдарламақ
Бұл туралы Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев айтты,-деп хабарлайды Qandastar.kz
«Иә, қазір диллерлік орталықтар трейд-ин бағдарламаларын іске қосып жатыр. Акциялар да бар. Сондай-ақ 4%-дық жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бар. Оған кезекке тұрып, банктерге хабарласуға болады. Енді оның талаптарын қайта қарасақ дейміз, себебі көп шағым түсіп жатыр. Оны банкте кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға қайта бағдарлау керек. Біз банктерге әсер ете алмаймыз. Бірақ қазір біз бұл бағдарламаны қарастырамыз. Бұл мәселені Сенат депутаттары да, Мәжіліс депутаттары да көтерді», – деді Шыңғыс Сүйінбаев.