Әлеумет және қоғамСаясат

ҰҚК ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, қосымша мәліметтер жария етілмейді. Өңір әкімдігі оның қазіргі кезде денсаулығына байланысты еңбек демалысында екенін хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысының әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы тараған ақпаратқа байланысты пікір білдірді.

Ведомствоның ресми жауабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, бірақ басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес жария етілмейді. ҰҚК шенеунікке қатысты тергеудің нақты баптарын айтқан жоқ.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат бірнеше күн бұрын пайда болды. Өңір әкімдігі бұл деректерді жоққа шығарып, оның қазіргі кезде денсаулығына байланысты еңбек демалысында екенін хабарлаған.

Жақсылық Омар 2025 жылғы сәуірден бері ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол алты жылдан астам уақыт Өскемен қаласының әкімі болған.

АҚПАРАТ NUR.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН

Ұқсас Мақалалар

Back to top button