Әлем жаңалықтары

Украина президенті Ресейдің жаңа ұсынысын қауіпті деп атады

Фото: ашық дереккөз
Зеленскийдің айтуынша, бұл ұсыныстың салдары ешқандай кепілдік бермей, тек Мәскеуге соғысқа қайта оралуға ыңғайлы позиция қалыптастырады, деп жазды qandastar.kz

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ресей соғысты қайта жалғастыруға қолайлы жағдай алу үшін «бір украин жерін екіншісіне айырбастау» идеясын алға тартуда, – деп хабарлайды Аikyn.kz

УНИАН жазуынша, бұл ұсыныстың салдары ешқандай кепілдік бермей, тек Мәскеуге соғысқа қайта оралуға ыңғайлы позиция қалыптастырады.

Украина басшысы бұл туралы Дания премьер-министрі Метте Фредериксенмен сөйлескеннен кейін Telegram арнасында жазды.

«Соңғы күндері дипломатиялық белсенділік өте жоғары. Бірақ Ресей ұстанымында өзгеріс жоқ. Олар адам өлтіруді тоқтатқысы келмейді, соғысқа инвестиция салуды жалғастыруда және украин жерін украин жеріне айырбастауды ұсынып отыр. Мұндай қадамдар тек оларға соғысты қайта бастауға ыңғайлы жағдай жасайды», – деді Зеленский.

Ол барлық қадамдар шынайы соғысты аяқтауға бағытталуы тиіс екенін, ал серіктестермен бірлескен шешімдер ортақ қауіпсіздікке жұмыс істеуі керектігін атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button