Әлем жаңалықтары

Украина соғысының басталғанына тура үш жыл болды

Фото: ашық дереккөз

Украина соғысының басталғанына тура үш жыл болды.

Осыған орай 13 мемлекеттің басшысы, Еуроодақ лидерлері Киевте бас қоспақ. 24-і жиынға онлайн қатыспақшы. Бір күні бұрын Владимир Зеленский баспасөз конференциясын өткізді, деп жазды qandastar.kz

Онда Украина президенті бірқатар мәлімде жасады: — Мен ондаған жылдар бойы билікте болғым келмейді. Егер отставкам — Украинаға бейбітшілік алып келсе және Украинаны НАТО мүшесі етсе, мен қазір-ақ қызметтен кетуге әзірмін. — Біз 500 млрд доллар деген қарызды мойындай алмаймыз. АҚШ әр долларды екі доллар қылып қайтаруды талап етті. Сондықтан келісе алмадық. Он украин ұрпағының мойнына қарыз болатын келісімге қол қоймаймын.

— Соғыстың құны 120 млрд доллар. Ол Украинаның өз ақшасы. 100 млрд доллар Еуропалық әріптестердің көмегі. Соның ішінде Жапония көмегі 15 млрд доллар. Ал 100 млрд доллар — АҚШ көмегі. Трамп мәңгілік емес. Ал бізге бейбітшілік керек. Мен біздің АҚШ-пен келісіміміз даусыз өткенін қалаймын. Трамп мені диктатор деп атады деп ренжімеймін. Бұл сөзге тек диктатор адам ренжи алады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close