Жаңалықтар

Украина Трамптың талабына ақыры келісті: 30 күн ішінде атысты тоқтату керек

Фото: ашық дереккөз

Украина мен АҚШ делегацияларының Жиддадағы кездесуі қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме Украина президентінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды qandastar.kz

“Украина АҚШ-тың уақытша 30 күндік атысты тоқтату режимін дереу енгізу туралы ұсынысын қабылдауға дайын екенін білдірді. Бұл режим екі тараптың өзара келісімі негізінде ұзартылуы мүмкін. Алайда бұл шешім Ресей Федерациясының қабылдауы мен бір уақытта орындауына байланысты. АҚШ Ресейге, өзара жауапкершілік бейбітшілікке жетудің басты шарты екенін хабарлайды”, – делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, АҚШ Украинаға барлау мәліметтерін беру бойынша енгізілген кідірісті дереу жойып, қауіпсіздік көмегін қалпына келтіреді.

Делегациялар сондай-ақ бейбітшілік үдерісінің маңызды бөлігі ретінде гуманитарлық мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, атысты тоқтату кезеңінде әскери тұтқындармен алмасу, азаматтық тұлғаларды босату және күштеп көшірілген украиналық балаларды қайтару мәселелері қозғалды.

 Alash.kz жазғандай, АҚШ бұл ұсыныстарды Ресей өкілдерімен талқылауға міндеттеме алды. Украина делегациясы еуропалық серіктестер бейбітшілік үдерісіне қатысуы тиіс екенін тағы да атап өтті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close