Әлем жаңалықтары
Украинадағы соғыста 3000-ға жуық қазақ қаза тапты
Фото Коллаж: Orda.kz
Қыркүйек айында оралдық журналист Лұқпан Ахмедьяров Украинадағы соғыс кезінде батысқазақстандық екі тұрғынның қаза тапқанын хабарлады. Бірінің аты аталмады, екіншісі Айбек Рамазанов екені белгілі болды, деп хабарлады Qandastar.kz.
Алайда олар Ресей төлқұжатын алғандықтан, ресми түрде олар қазақстандық болып есептелмейді.
– Олар Украинамен соғыста қаза тапқан үш мыңға жуық орыс этникалық қазақтардың тізіміне қосылды, – делінген хабарламада.
Бұл сандарды сол тізімді жүргізіп отыратын еріктілердің бірі растады. Бұндай санақты ол телеграм каналдардың бірінде жариялап отырады.