Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

Фото: ашық дереккөз

Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады. Бұл туралы «Украинская правда» басылымы хабарлады, деп жазды qandastar.kz

«Президент Владимир Зеленский Украинаның Қытайдағы, Ливандағы, Финляндиядағы, Норвегиядағы, Қазақстандағы, Аргентинадағы және БҰҰ-дағы жаңа елшілерін тағайындады», – деп жазады басылым.

Зеленскийдің жарлығымен Украинаның Қазақстандағы елшісі болып Виктор Майко тағайындалған. Майко бұған дейін Украинаның Түрікменстандағы елшілігін басқарған.

Бұл орын 2022 жылдан бері бос болған. Бұл қызметті осыған дейін Петр Врублевский атқарған. 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіріп, соғыс басталғанда елші «орыстарды көбірек қыруымыз қажет» деп мәлімдеген. Бұл оқиғадан кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі дипломатты шақыртып, әңгімелескен болатын. Артынша Врублевский артық кеткенін айтып, кешірім сұрады.

Ал Ресей тарапы дипломаттың бұл мәлімдемесінен кейін, Врублевскийге іздеу жариялап, сырттай соттап, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close