41 жастағы әнші Ерке Есмахан Instagram желісінде жаңа фотоларын жариялап, туған күніне күйеуінен қандай сыйлық алғанын айтты, деп жазады qandastar.kz.
Жарияланған суреттерде өнер иесі сәнді үлбіреген тон мен күннен қорғайтын көзілдірік тағып көзге түседі. Әнші жазбасында өзін бақытты сезіну, өз-өзіңді қабылдау қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
«Ойлаш, Ерке Есмахансың. Күйеуің — RaiM! 3 ұлың бар. Үлде мен бүлдеге оранып, 8 млн оқырманы бар парақшаңа осындай сурет салып отырсың. Найзағай ма?», – деп жазды ол.
Сондай-ақ әнші сүйікті жарын қымбат сыйлығы үшін алғыс білдірді.
«RaiM, Арманымдағы сақинаны туған күніме сыйлағаныңа рахмет. Сүйемін», – деді Ерке.
Жазба астындағы пікірлерде желі қолданушылары жылы лебіздерін қалдырды.
«Ерке Есмахан болу да оңай емес шығар», «Ерке болмаса, бренд киімдер мен әшекейлерді де білмес едік», «Барша қыз-келіншектер сендей бақытты болсын», – деп жазды олар.



