
Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров 50 жылға Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Сабыров өзінің шығармашылық жағын дамытуға мүмкіндік бергені үшін елге алғысын білдірді.
Ол адвокаттарының жағдайды зерттеп, тиісті органдармен үйлестіріп жатқанын айтты.
Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі барлық фотосуреттерді өшіріп, БАҚ-тан отбасының жеке өміріне құрметпен қарауды сұрады.



