Атыраудағы із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты мәселені зерттеуге барған журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялады, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Журналист қазіргі уақытта Атырау облысына қарасты Махамбет ауылында жүр. Бұл жақта ол Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларының хал-жағдайын білуге барды.
Өңірдегі білім саласына жауап беретін жандар қазіргі уақытта балалардың жағдайы туралы айтып берді.
Үлкені 3-сыныпта оқиды. Одан кейінгі бала 2-сыныпта оқиды. Қазір олар сабақтарына барып жүр. Ал ең кішкентайлары жақында 1 жасқа толған, – деп жазды журналист.


