Жаңалықтар
«Ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау жолдары» атты конференция өтті
Бүгін «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ұлтараздық қақтығыстарды болдырмау жолдары» атты конференция болды.
Спикер ретінде саясаттанушы Асхат Қасенғали сөз сөйлеп, қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара барысында этникалық тыныштық, діни татулықты сақтау маңызы, этностардың мемлекеттік тілді үйрену жолдары сынды тақырыптар көтеріліп, қандастарға бағыт-бағдар берілді.