Жаңалықтар

Ұлттық банк ақша айырбастаудың ережелерін бекітті

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық Банк «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма қаулысының жобасы әзірледі, – деп хабарлайды  qandastar.kz

Жобаға сәйкес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін — 7 теңге, еуро үшін — 10 теңге деп белгілеу ұсынылады.  —

– Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған, – делінген хабарламада.

Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында танысуға болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close