ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Ұлттық банк басшысы қор ақшасына акция сатып алуды құптамайтынын жеткізді

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық қор қаражатына сатып алынған Қазмұнайгаз бен Қазатомөнеркәсіп акциялары 530 млрд теңге пайда әкелді. Бірақ Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов қор ақшасына акциялар сатып алу ісін құптамайтынын жеткізді, деп жазды qandastar.kz

«Иә, бұл өте тұрақсыз құрал шығар. Оларды пайдаланудың қажеті жоқ. Бірақ, соған қарамастан, бұл екі инвестиция негізінен Ұлттық қорға кіріс әкелді. Бірақ жүйелі құрал ретінде оны пайдаланудың қажеті жоқ», – деді Сүлейменов.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, Ұлттық қор қаражатына Қазмұнайгаздың 20% акциясы 2023 жылдың аяғында сатып алынды. Содан кейін компанияның бағалы қағаз құны 1,3 трлн теңгеден 1,7 трлн-ға дейін өсті. Ал Қазатомөнеркәсіптің 12% акциясына 2024 жылы шілдеде қор қаражаты инвестицияланды. Онда да құнды қағаздар 133 млрд-тан 600 млрд теңгеге қымбаттады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close