Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сол күйінде қалдыруға шешім қабылдады, деп жазады qandastar.kz сайты.
Бұған дейін базалық мөлшерлеме 18 пайызға көтерілген болатын.
Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, – делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, базалық мөлшерлемеге қарай депозиттердің мөлшерлемесі де өзгеріп тұрады. Бірақ несиелер де қымбатқа түседі.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені инфляцияны ескере отырып бекітеді.



