Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы төмендетті: енді – 16,75%

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 0,25 пайыздық тармаққа төмендетіп, 16,75% деңгейінде белгіледі, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл шешімді Ақша-несие саясаты комитеті инфляцияның бірнеше ай қатарынан баяулауына байланысты қабылдаған.

Ұлттық банктің мәліметінше, елдегі жылдық инфляция соңғы тоғыз айда төмендеу үрдісін сақтап келеді. Маусым қорытындысы бойынша инфляция 10,3% деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік бағасының өсімі 10,7%-дан 10,4%-ға дейін баяуласа, азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 11,7% деңгейінде сақталған. Ал қызмет көрсету саласында реттелмейтін қызметтердің қымбаттауы әсерінен инфляция 9%-ға жетті.

Ұлттық банк бұл қадам инфляцияның төмендеу қарқынын ескеріп, ақша-кредит саясатын кезең-кезеңімен жұмсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар алдағы шешімдер инфляцияның әрі қарайғы динамикасына, тарифтердің өзгеруіне және әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты қабылданады.

Еске салсақ, бұған дейін базалық мөлшерлеме 17% болған еді. Енді ол тағы 0,25 пайыздық тармаққа төмендеп, 16,75% деңгейіне жетті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button