Қаржы және төлемдер
Ұлттық банк долларды сату мен сатып алуға қатысты жаңа ереже енгізді
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Ұлттық банк долларды сату мен сатып алуға қатысты жаңа ереже енгізді, деп жазды qandastar.kz
Айырбастау пункттерінде шетел валютасын алып-сату бағамдары арасындағы спред белгіленді. Спред дегеніміз баға айырмасы. Ұлттық банктің жаңа талабы бойынша, енді долларды сату мен сатып алу кезіндегі айырмашылық 7 теңгеден аспау керек. Мысалы доллар 528 теңгеден сатылса, оны сатып алу бағамы 535 теңгеден аспайды. Ал еурода айырмашылық 10 теңгеден аспауы тиіс.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, егер бұл валюта 539 теңгеден сатылса, оны сатып алу бағасы 549 теңгеден аспауы қажет. Ұлттық банк бұл шараны ең алдымен валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетіп, теңгені тұрақтандыру үшін жасалды деп түсіндіреді. Бұған дейін спредті белгілеу 2020 жылдан бастап 2023 жылдың басына дейін жүрді.