ЖаңалықтарШоу бизнесЭкономика және бизнес

Ұлттық банк жауабы: Джей Ло мен Backstreet Boys концерттері бизнеске қалай әсер етті?

Ұлттық банк 2025 жылғы үшінші тоқсанда өткен Jennifer Lopez және Backstreet Boys концерттерінің экономикалық әсерін зерттеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы bes.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қорытынды бойынша концерттер қоғамдық тамақтану саласында тұтынушылық белсенділікті арттырған, бірақ бөлшек саудаға әсері шектеулі.

Сандарды сөйлетсек, концерт өткізілген қала мен орындаушыға байланысты қоғамдық тамақтану қызметтері көлемі 5-11% өскен. Астанада әсер айтарлықтай байқалады, концерттер қоғамдық тамақтану қызметтерінің көлемін орта есеппен 8,4%-ға арттырды. Бір ғана Backstreet Boys концерті кезінде мейрамхана бизнесінің белсенділігі көбейген.

Халықаралық тәжірибеде қоғамдық мәдени шаралардың экономикалық әсері әлемде соңғы бірнеше онжылдықта зерттеліп келетінін айту керек.

Мәселен, 2000-жылдардың басында Rockonomics тұжырымдамасы, соңғы жылдары Swiftonomics бағыты дамыған. Бұл тәсілдер концерт индустриясын қалалардағы экономикалық белсенділікті арттыру факторы ретінде қарастырылады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button