Қаржы және төлемдер

Ұлттық экономика министрлігінде ауыс-түйіс орын алды

Фото: Үкімет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 желтоқсанда Серік Жұманғаринді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды qandastar.kz

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды», делінген Ақорда жариялаған Жарлық мәтінінде.

Cондай-ақ 21 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғариннің кандидатурасы келісілгені белгілі болды.

Серік Жұманғарин 2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған еді. Енді ол осы лауазымен қоса Ұлттық экономика министрі қызметін қоса алып жүретін болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close