Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы ел аумағында 20 қылмыстық топты әшкерелеп, олардың қызметін тоқтатты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Тruestorykz Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Комитеттің мәліметінше, өткен жылы полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп ауқымды арнайы операциялар жүргізілген. Нәтижесінде кісі өлтіру, бопсалау, есірткі мен қару-жарақты заңсыз сақтау фактілеріне қатысы бар деген күдікпен 70-тен астам адам ұсталды.
Арнайы іс-шаралар барысында 30 дана атыс қаруы, 11 дана травматикалық қару, сондай-ақ қомақты көлемде қолма-қол ақша тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.



