Жаңалықтар
Ұлттық қор қаражаты енді “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының акцияларына инвестицияланады
Үкімет осындай қаулы шығарды,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Бұған дейін қор қаражатына Қазмұнайгаздың құнды қағаздары сатып алынған болатын.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев өткен аптада Ұлттық қор қаражатын түрлі тәсілмен алып отырған Үкіметті сынаған. Сөзінше, қор ақшасына облигациялар сатып алу тиімсіз. Егер министрлер кабинеті қаражат алуды доғарса, Ұлттық қорға 100-150 млн доллар жиналар еді деді.