V Ұлттық құрылтай аясында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв балаларда клиптік ойлау қалыптасып, аналитикалық дағдылар дамымай жатқанына алаңдаушылық білдірді. Ол балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануды шектеу мәселесін қарастыруды ұсынды. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
— Халықаралық тәжірибеге назар аударғым келеді. Кейбір елдерде 14 жасқа дейін, ал кей елдерде 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігі шектелген. Бұл тыйым салу үшін емес, ойлау қабілетін, талдау жасау дағдыларын, нақты диалог жүргізу және саналы тұлға қалыптастыруды қорғау мақсатында жасалып отыр, — деді Сергей Пономарёв құрылтай қатысушыларына.



