Жаңалықтар
Ulutau kus: отандық өнім өндіруші жұмыртқаны 46 теңгеден сатып отыр
Фото: Jens Kalaene / dpa / Global Look Press
Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Жеңісбек Ахметов Кеңгір ауылдық округінде орналасқан «Ахтямов» тауық жұмыртқасын шығаратын фабриканы аралады, деп жазды qandastar.kz
Ұлытаулық фермер 50 мың бас тауық өсіреді. Ферма тәулігіне 50 мың дана жұмыртқа шығаруға қауқарлы. Бүгінгі таңда өндіруші барлық санаттағы жұмыртқаны Ұлытаудағы сауда нүктелеріне 46 теңгеден сатады. Одан бөлек еліміздің басқа облыстарына да жеткізіп отыр. Жұмысқа Кеңгір ауылының жергілікті тұрғындары көптеп тартылуда. Қазіргі уақытта 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Фабрика алдағы уақытта тауық санын арттырып, құс етін шығаруды да жоспарлап отыр.