Жаңалықтар
Ұлыбритания санкциясына іліккен қазақстандық компаниялар толыққанды қызметпен айналыспайды
Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Сөзінше, бұл компаниялар көбінесе нақты экономикалық қызметті жүргізбейтін «бір күндік» компаниялар болып табылады.
«Тексеріс кезінде біз компаниялардың ашылып, келісімге отырғанын, содан кейін жоғалып жатқанын көреміз.
Батыстың қаржылық қызметтері мұндай жағдайларды фактіден кейін тіркеп, компанияларды санкция тізіміне қосады», – деді министр.
Осы ретте министр Қазақстан американдық және еуропалық санкцияларды бақылау қызметтерімен қол жеткізілген халықаралық келісімдерді ұстанатынын атап өтті.
Еске салайық, 7 қарашада Ұлыбритания Ресейдің әскери өнеркәсіп кешендерін қолдаған компаниялар мен Ресей қолдайтын жекеменшік әскери топтарға жаңа санкция салды. Санкция салынған 56 жеке тұлға мен компаниялар арасында алты қазақстандық фирма да бар: Stanex Group, Kazstanex, Zapchasttrade, Rabadaziya, CPS Energy, Tawkz.