Ұлыбритания билігі Украинаға шамамен 500 шақырым қашықтықтағы нысаналарды жоюға қабілетті Nightfall («Сумерки») баллистикалық зымырандарын бермек, деп жазады qandastar.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Daily Mail басылымының мәліметінше, бұл зымырандар салмағы 200 келіге жуық оқтұмсықтармен жабдықталған және «Мәскеуге дейін жету мүмкіндігіне ие».
Осыған дейін Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі отандық компанияларға 9 миллион фунт стерлинг көлеміндегі келісімшарт аясында аталған зымырандардың алғашқы үш тәжірибелік үлгісін әзірлеп, жасап және жеткізуді тапсырған болатын.
Сонымен қатар, бұған дейін АҚШ Таиланд пен Камбоджаға 45 миллион доллар бөлуге ниетті екені хабарланған еді. Оның 10 миллион доллары миналарды тазалау мен жарылмай қалған оқ-дәрілерді залалсыздандыруға бағытталмақ.



