Ұлыбритания билігі Украинаға Nightfall («Сумерки») деп аталатын, шамамен 500 шақырымға дейін нысаналарды жоя алатын баллистикалық зымырандарды беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Daily Mail басылымының жазуынша, аталған зымырандар 200 келілік оқтұмсықпен жабдықталған және «Мәскеуге дейін жету мүмкіндігіне ие».
Бұған дейін Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі елдегі әскери-өнеркәсіптік компанияларға 9 миллион фунт стерлингтік келісімшарт аясында алғашқы үш тәжірибелік зымыранды жобалап, жасап, жеткізу туралы тапсырма берген.
Сондай-ақ бұған дейін АҚШ Таиланд пен Камбоджаға 45 миллион доллар бөлетіні хабарланған болатын. Оның 10 миллион доллары миналарды залалсыздандыруға және жарылмай қалған оқ-дәрілерді жоюға бағытталады.


