Шоу бизнес

«Ұлының АҚШ-қа кетуіне кедергі жасауда»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі онымен әлі соттасып жатқанын айтты

Бұрынғы ұлттық экономика министрі, сотталған Қуандық Бишімбаевтың экс-жұбайы Назым Қахарман олардың ортақ ұлы Каримнің АҚШ-қа шығуына байланысты жаңа жанжал туындағанын мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz.

Қахарман Instagram парақшасында жариялаған видеосында тамыз айында ортаңғы ұлын АҚШ-қа алып барғанын айтты. Оның сөзінше, Карим ол жақта хоккей бойынша кәсіби мансабын жалғастыруды жоспарлап отыр. Анасының айтуынша, Бишімбаевтың өкілі бұл сапар туралы алдын ала хабардар болған.

«Біз АҚШ-қа келген соң Баянға Каримнің кеткенін айттым. Қуандық бұл туралы білетін. Ол Каримнің ерте ме, кеш пе АҚШ-қа кететінін түсінді», – деді Қахарман.

Алайда, оның айтуынша, Бишімбаевтың өкілі Каримнен әкесімен сөйлесуді талап еткен, ал бала бас тартқан. Осыдан кейін сол түні балалардың жүріп-тұруына байланысты барлық сенімхаттар кері қайтарылған.

«Карим сөйлескісі келмеді – бұл оның құқығы. Сол түні барлық сенімхаттар қайтарылып алынды», – деді ол.

Назым Қахарман бұл әрекеттер ұлының шетелге еркін шығуына, сондай-ақ АҚШ-та оқуын және спорттық мансабын жалғастыруына кедергі келтіру мақсатында жасалды деп есептейді.

Ол сондай-ақ балалардың 18 жасқа толғанға дейін өз бетінше шетелге шығуына берілгеннотариалды келісімі бар екенін айтты. Оның сөзінше, бұл құжатты сот шешімінсіз кері қайтару мүмкін емес.

«Ең бастысы – бұл келісімді қайтарып алу мүмкін емес. Оны тек сот арқылы ғана жоюға болады», – деді Қахарман.

Видео соңында ол ұлының елден шығуына қатысты дау қазір сот алаңына өткенін айтып, алдағы жарияланымдарында егжей-тегжейлі мәлімет беруге уәде етті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button