Жаңалықтар

«Ұлытау облысына Нұрлыбек Нәлібаев сияқты әкім керек» – Алмасбек Садырбай

Фото: ашық дереккөз

«Шаңырақ» ұлттық агро-қозғалысы» РҚБ төрағасы Алмасбек Садырбай Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында Ұлытау облысына Қызылорда облысының әкімі қызметін атқаратын Нұрлыбек Нәлібаев сияқты басшы керек екенін айтты, – деп жазады qandastar.kz

«Ұлытау облысына шаруаға мығым, жігерлі, орталықтан қаржыны жұлып алып, сол өңірге құятын Нұрлыбек Нәлібаев сияқты әкім керек. Бірақ ондай аймаққа әкім болып ешкім барғысы келмейді. Қазір Ұлытау облысы кем қалып бара жатыр. Семейге де, Талдықорғанға да обал болды, бөлінгеннен кейін. Ол жақтарға мықты адамдар керек. Менің сүйікті қалам Талдықорған мүлде жетімсіреп, ауыл болып қалды. Себебі, қаражаттың түсімі Алматының түбінде Қонаевтың төңірегінде еді. Сонысы қиын болды», – деді Алмасбек Садырбай.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close