
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері өңірдегі ірі есірткі жеткізу арнасын жойды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол елдің оңтүстік аймағынан ұйымдастырылған.
Жезқазған — Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұсталды.
Көлікті тексеру кезінде ішінде 300 келіден астам марихуана болған 13 пакет тәркіленді.
Алдын ала мәліметке сәйкес тәркіленген есірткі миллионға жуық бір реттік дозаға тең.
Оның қара нарықтағы құны үш миллион АҚШ долларына жетеді.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Ішкі істер министрлігі есірткіні өндіру мен тарату бойынша кез келген заңсыз әрекеттің жолын кеседі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.



