Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ұлытау облысында пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты (ВИДЕО)

Белгісіз ер адам «Mechta» сауда желісінің бөлімшесіне кіріп, қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсеткен, деп жазады qandastar.kz порталы.

Желіде тараған видеодан ер адамның қолында пышақ барын, ол суық қарумен қызметкерлерді қорқытқанын көруге болады.

Облыстық полиция департаменті видеоға дереу назар аударды.

Ведомство мәліметінше, Сәтбаев қаласының полицейлері сауда үйлерінің бірінде бұзақылық әрекет жасады деген күдікпен ер адамды ұстады.

«7 желтоқсан күні сауда үйінде күдікті дүкен қызметкерлеріне наразылық білдіріп, сөреден тұрмыстық пышақ алып, күш қолданамын деп қорқытып, дүние-мүлікті бүлдірген. Кейін оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Зардап шеккендер жоқ», — делінген мәлімдемеде.

«102» пультіне хабар түскен соң полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, ізін суытпай күдіктіні анықтап, ұстаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ер адам қамалды.

Тергеу шаралары жалғасуда.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button