Жаңалықтар

«Ұмай» әйелдер ипотекасы қайта іске қосылмақ: Бағдарламаға қандай өзгеріс енгізілген?

Фото: ашық дереккөз

Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы келер жылы қайта іске қосылады, – деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл жаңалықты «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов Facebook-тегі жеке парақшасында жариялады. Ипотеканы алу үшін алғашқы жарна ретінде несиенің 20 пайызын «Отбасы» банкінің депозитінде сақтау қажет. Іріктеу кезінде депозиттегі жинақталған сыйақының көлемі маңызды рөл атқарады. Қатысушыларға ешқандай кезекте тұрудың қажеті жоқ. Ал пәтерді кез келген қаладан немесе ауылдан сатып алуға болады.

 «Бұрын 4 қалаға – Астана, Алматы, Атырау, Ақтауға өтінімдер көлемі бойынша шектеулер болған. Енді бұл шектеулер де жойылды. Айтпақшы, біздің банкте бірге қарыз алушы ата-аналардан бастап, күйеуі, ересек балалары, құрбылары, достары мен туыстары бола алады. Стипендияны да кіріс ретінде қараймыз, қызыңызға жаңа қалада пәтер алғыңыз келсе, әйелдер ипотекасын неге пайдаланбасқа?» – деп жазды Ақшанов.

Бағдарламаға кез келген отбасылық мәртебеге ие әйелдер қатыса алады. Әрі бұл әйелдің бірінші, екінші немесе үшінші пәтері болуы мүмкін. Қатысушылардың табысы 900 мың теңгеден аспауы керек. Сонымен қатар әйелдер өздерінің зейнетақы жинақтарын пайдаланып, жақын туыстарының ақшасын да депозитке аударуға болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close