ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев әлеуметтік желіде Ақжарқын Тұрлыбай туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады qandastar.kz сайты Alash.kz-сілтеме жасап.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың айтуынша, Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай әлі елге жеткізілген жоқ. Дегенмен, қазіргі уақытта оны Қазақстанға қайтару бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде.
Қарамағымда болмағандықтан қандай шаралар қолданылып жатқанын нақты айта алмаймын. Жазбаша сауал жіберсеңіздер. Ақпарат беретін боламыз. Әрине, ол Қазақстан Республикасының азаматы болғаннан кейін ол мәселелерді ұдайы бақылауда ұстап тұрамыз. Үмітіміз бар. Бірақ, қаншалықты жүзеге асатынын уақыт көрсетер, – деді Ержан Ашықбаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақжарқын Тұрлыбайдың елге жеткізілгені туралы ақпарат кеңінен тараған болатын.



