Жаңалықтар

Үндістанның соққысынан Пәкістанда 26 адам қаза тапты

Пәкістан билігінің мәліметінше, Үндістанның соққысы нәтижесінде 26 адам қаза тапты. Бұл туралы qandastar.kz сайты хабарлайды.

Пәкістан билігінің мәліметінше, 7 мамыр күні таңертеңгі жағдай бойынша үндістандықтардың ел аумағына жасаған соққылары салдарынан 26 тұрғын қаза тауып, 46-сы жараланған.

Соққылар алты азаматтық нысанаға тиген, олардың ешқайсы әскери база емес. Үндістан бұл соққылардың тек «белгілі лаңкестердің лагерлеріне» бағытталғанын алға тартады.

Пәкістан қорғаныс министрлігінің өкілі әскерилер Үндістанның бес жойғыш ұшағын атып түсіргенін айтты.Үндістан билігі бұл ақпаратты растамайды.

ВВС басылымының дереккөздерінің айтуынша, Кашмир аумағында Үндістан әуе күштерінің үш ұшағы құлаған. Алайда Үндістан үкіметі бұған қатысты мәлімдеме жасамады.

Еске салсақ, Пәкістан әскері Үндістан әуе күштерінің зымырандармен соққы жасағанын мәлімдеген еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close