Қаржы және төлемдер
Үнемделген қаржыны мемлекеттік қызметшілерге сыйақы ретінде беруге болады
Фото: ашық дереккөз
Президент кеңесшісі, бұрынғы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кешелі бері ақпарат көздерінде тараған мәліметке қатысты осылай деп пікір білдірді, – деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
«Бұл жерде анықтап кететін мәселе бар. Егер бюджетте сыйақыға қаражат көзделген болса, онда оны ешкім алып қоймайды. Сыйақы ретінде беріледі.Дегенмен, мемлекеттік органдар сатып алу процесін жүргізгенде үнем болады. Сол үнемді Қаржы министрлігі сыйақы ретінде бермеу туралы шешім қабылдап отыр. Бірақ ол әлі заңдастырылмаған.
Қазыналық шот бар. Содан бір-біріне аударуға бөгет қоймақшы.Әрине, өзімде білемін, қаншама адам мемлекеттік қызметте. Қарапайым қызметкерлерге ауыр тиеді. Одан өзім де өткенмін. Сондықтан дұрыс шешім қабылдау қажет», – деді Ерұлан Жамаубаев.