Қазнет қолданушылары уролог-дәрігер Фроловтың қазақ тілін қалай үйрене бастағаны туралы видеоны қызу талқылауда. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Newtimes_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігердің айтуынша, бәрі күнделікті жұмыс барысында болған қарапайым жағдайдан басталған. Қабылдауына орыс тілінде мүлде сөйлемейтін науқас келгенде, оның шағымын түсініп, дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін ол қазақ тіліндегі негізгі сөздер мен тіркестерді үйренуге шешім қабылдаған.
Уақыт өте келе дәрігер сөздік қорын кеңейтіп, қазақ тілінде еркінірек сөйлей бастаған. Фроловтың айтуынша, тіл білу бүгінде оның жұмысына қажетті құрал ғана емес, адамдармен тікелей, шынайы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін ерекше қызығушылыққа айналған.
Видео желі қолданушылары тарапынан оң пікірлерге ие болып, кеңінен қолдау тапты.



