Жаңалықтар

Ұрып-соғып, мазақ етті: қаза тапқан 19 жастағы сарбаздың анасы ашық сотты талап етті

Фото: khabar.kz

Ұлттық ұланның қаза тапқан 19 жастағы сарбазы Алмас Шахимовтың анасы Индира Туғанбаева ашық сотты талап етті, деп хабарлайды  qandastar.kz  ақпарат порталы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Индира Туғанбаева әскери қызметкер дауыл кезінде қаза тапты деп мәлімдеген Ұлттық ұланға сенбейтінін мәлімдеді.

«Ұлыма әскерде шатыр құлап қайтыс болды деп айтылды. Олар бұған сендіре алды. Біз былтыр 8 желтоқсанда, ұлымыз қайтыс болған соң 1,5 жылдан кейін Алмастың денесін эксгумацияладық. Біз тәуелсіз сарапшыны жалдадық және ол ұлымыздың кешкі сағат 7-де қайтыс болғанын анықтады. Ал дауыл кешкі 9-да болды. Сондай-ақ сарапшы пышақ жарақатын растады және бұл шатыр құлауының салдарынан болған өлім екенін жоққа шығарды», – деп жазды ол.

Қайтыс болған Ұлттық ұлан сарбазының анасы ұлының қызметте қорлық көргеніне сенімді. Оның сөзінше, сарбаздың денесінің бөліктері көгерген, ұрып-соғу іздері, темекі күйіктері байқалады.

«Өзінің жазаланбайтынына сенімді адамдар көзімізге тік қарап, өтірік айтып жатыр. Бізге әділеттілікке жетуге көмектесулеріңізді сұраймыз. Бізге шұғыл адвокаттар керек, ашық сотты талап етеміз», – деп толықтырды Туғанбаева.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close