
Отандық танымал әнші Абай Бегейдің әйелі, белгілі блогер Фариза Жұманова келіндерімен бірге әзіл-видео түсіріп, желіде қызу талқыға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Видеодан келіндері блогердің аузы мен қолын байлап тастаған.
Сондай-ақ кадрда «Енең әр ісіңе жағаласа бергенде», — деп жазылған.
Желі қолданушылары әзілді жақсы қабылдап, түрлі пікір қалдырып жатыр.
«Фари бүгіннен бастап ене болшы келіндеріңе, болмасаң өзім болам», «Абай аға есіктен кіруге қорқып тұрған сияқты қосып байлап қояр деп», «Екіқабат адамды сонша қинап» және «Жағаласып нең бар еді. Еркектерді айтсай сығалап неге деп» деп жазып жатыр олар.



