Жаңалықтар
«Үш адамның мәйіті табылды» — Алматы облысының Іле ауданында жарылыс болды

Фото: ТЖМ
Алматы облысының Іле ауданындағы металл қабылдау пункттерінің бірінде белгісіз зат жарылып, оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылған, деп жазады qandastar.kz сайты Azattyq Rýhy сайты мен Алматы облысының полициясына сілтеме жасай отырып.
Полиция қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.
«Белгісіз зат жарылып, үш адам қаза тапты. Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді», — деп хабарлайды облыстың полициясы.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды.