Жаңалықтар
Үш жылда 695 мың ресейлік қазақстандық банктерден карта тіркеткен

Фото: Киоск.ру
Қазақстанда шетел азаматтарына, әсіресе ресейліктерге банк картасын беру күрт азайды. Бұған қаңтар айында енгізілген қатаң шектеулер себеп. Ұлттық банктің мәліметінше, 1 наурыздағы дерек бойынша, еліміздегі халықаралық төлем жүйелерінің карталары 54,1 миллион данаға дейін қысқарған. Бұл – алдыңғы аймен салыстырғанда бірден 4,6 пайызға төмен көрсеткіш. Осындай қарқынды құлдырау соңғы рет 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіріп, Visa мен Mastercard Ресей нарығынан кеткен кезде байқалған еді, деп жазды qandastar.kz
Сол кезде ресейліктер Қазақстанға жаппай келіп, халықаралық төлем жүйесіне қосылу үшін жергілікті банктерден карта аша бастаған болатын. Дегенмен аталған көрсеткіш қайта оңала бастауы ықтимал. Өйткені ресейліктерге карта беруді уақытша доғарған кейбір банк оны қайта бере бастаған, бірақ жаңа талап бойынша,деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа шектеу
2025 жылдың қаңтар айынан бастап, Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бейрезиденттерге қатысты бірқатар жаңа ереже енгізді.
- Жаңа талап бойынша, шетел азаматтарына берілетін банк картасының жарамдылық мерзімі 12 айдан аспауы тиіс.
- Сонымен қатар шетел азаматы бір банктен бес карта немесе үш банктен үш картадан артық ала алмауы керек. Егер бұдан көп картаны рәсімдегісі келсе, қосымша тексеруден өтуі керек.
- Бұдан бөлек, банктерге ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға байланысты күмәнді операцияларды анықтайтын автоматты жүйелерді енгізу міндеттелді.
- Осы шектеулермен қатар, Қазақстан елшіліктері мен консулдықтары шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беруді де тоқтатты. Бұрын шетелдіктер ЖСН-ді дипломатиялық өкілдіктер арқылы рәсімдеп келген болса, енді оны тек Қазақстан аумағына келіп, жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуы керек.
Mitra Law Office заңгерлік компаниясының басшысы Юрий Мирзоевтің айтуынша, алдағы уақытта қазақстандық банктер осы жаңа ережелерге қайшы берілген карталарды жаппай жабуға кіріседі. Сарапшының айтуынша, ережелердің қатайтылуы Қазақстанның банк карталарын ресейліктер үшін тартымсыз етеді. Енді ресейліктер қаржы қызметтерін алу үшін Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан секілді көрші мемлекеттерге бет бұруы ықтимал. Себебі аталған елдерде, әзірге мұндай қатаң талаптар жоқ.
Қазақстандық банктер мен Қазпошта Visa, Mastercard, UnionPay және American Express карталарын беруді әлі де жалғастырып отыр. Украинадағы соғыс басталғаннан бері Қазақстан «карта туризмі» деп аталатын құбылыстың негізгі орталықтарының біріне айналды. Бұл – санкцияларды айналып өтіп, халықаралық төлем жүйелеріне қол жеткізу үшін өзге елдерге сапарлау.
Anderida Financial Group есебінше, 2024 жылдың аяғына қарай шетелге шығатын ресейлік азаматтардың шамамен 15 пайызы шетелде алынған Visa және Mastercard карталарын қолданады. Олардың ішінде қазақстандық банктерден карта рәсімдеген ресейліктердің үлесі 36 пайызды құрайды. Одан кейін Түркия (16%), Грузия (10%), Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан (12%) және Армения (6%) тұр.
Еуразиялық экономикалық одақ/санкция тәуекелдері
Қазақстанның ең ірі банктері осыған дейін-ақ ресейлік азаматтарға карта беруді тоқтатқан болатын. Сарапшылар бұл өзгерістер Қазақстанды санкциялық тәуекелдерден қорғау және халықаралық қаржы стандарттарына сай болу үшін жасалып отырған маңызды қадам деп есептейді.
Біршама үзілістен соң, бұған дейін ресейліктерге карта беруді 19 қаңтардан бастап доғарған үш банк қазір оны қайта бере бастаған.
Мәселен, Halyk Bank, Kaspi Bank және «Банк БТВ»-ның Қазақстандағы еншілесінде бұл шектеу 19 қаңтар мен 14 ақпан аралығын қамтыды.
«Kaspi Gold Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің, сондай-ақ Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар еш кедергісіз ала алады», — делінген банк хабарламасында.
Сондай-ақ ВТБ да (Қазақстан) резидент еместерге «Мир» картасын беруді жаңғартты.
Home Credit Bank оларға сәл кешігіп қосылды: 2025 жылдың 3 наурызынан бастап.
Жалпы, Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, 2022-2024 жылдары 695 мың ресейлік қазақстандық банктерден карта тіркеткен.