Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын аламын, Ресей мен Украина арасындағы дауды шешемін – Дональд Трамп
Фото: ашық дереккөз
Америка құрама штаттарының президенттігіне үміткер Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты реттеуге, сондай-ақ Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алуға тағы да уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RSBN арнасысына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті арналардың хабарлауынша, ол Мичигандағы сайлаушылармен кездесуінде республикашыл әскери қақтығысты шешіп қана қоймай, үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алуға уәде берді.
«Ақ үйдегі кабинетке отырғаннан кейін және бәріміз президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін көп ұзамай мен Ресей мен Украина арасындағы осы сұрапыл соғысты шешемін. Мен ғана бұл мәлімдеме жасай аламын: Мен Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын аламын», – деп нақтылады Дональд Трамп.
Саясаткер бүкіл әлем Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына өте жақын екенін айтты. Дональд Трамптың айтуынша, егер ол сайлауда жеңіске жетсе, Джо Байден әкімшілігі тудырған барлық халықаралық дағдарысты тоқтатамын деп ант берді.
Еске салайық, бұған дейін Пенсильвания штатында сайлауалды науқанда сөз сөйлеген АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өміріне қастандық жасалған еді. Федералды тергеу бюросы хабарлаған 20 жастағы Томас Мэттью Крукс есімді күдікті науқан өткізілген аумақтан жүз метрдей жерде орналасқан үйдің шатырынан АР-15 жартылай автоматынан оқ атқан. Атыс нәтижесінде митингке келушілердің бірі қаза тауып, тағы екеуі жараланған.