Петропавл қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен егде жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға 16 ақпан күні болған. Зейнеткер сол күні үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, марқұм есте сақтау қабілетінің бұзылуынан зардап шеккен болуы мүмкін.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 73 жастағы әйелдің денесі қаланың айналма жол маңынан табылған.
Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, өлім себебі — дененің жалпы гипотермиясы (суықтан үсу).
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, барлық мән-жай анықталуда.



