Жаңалықтар

Ұстазын шанамен үйіне шығарып салған оқушылар желінің жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Бір сыныпта оқитын оқушылардың өз ұстазына көрсеткен ілтипаты әлеуметтік желі қолданушыларын ерекше әсерге бөледі, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Бастауыш сынып мұғалімі Бибінұр Жақсылықова Instagram парақшасында оқушыларының өз бастамасымен оны шанамен үйіне дейін жеткізбек болған сәтін жариялаған. Видеода мұғалім балалардан мұны істеу ұят емес пе деп сұрағанда, олар еш ойланбастан «жоқ» деп жауап береді.

Белгілі болғандай, мұғалімді шанамен шығарып салған оқушылар – Абдрахим, Медет, Нұрислам және Сәбит. Олар Атырау облысы, Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылындағы Ақкөл жалпы орта мектебінің 3-сыныбында білім алады.

Осы сәтке риза болған ұстаз жазба астына:

Қай жақсылығым үшін берілген оқушыларым екенсіңдер?!
Жандарым сол, менің ең сүйікті де, ақылды шәкірттерім, – деп жүрекжарды лебізін қалдырған.

Ал бастауыш сынып мұғалімі Бибінұр Жақсылыққызы бұл салада 12 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді. Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай шынайы қарым-қатынас желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, көпшілік балалық шағын сағынышпен еске алды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Бибинур Жаксылыковна (@bibok_zh)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button