Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мейрамханада ыңғайсыз жағдайға тап болғанын жазды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Дая(р)шыдан тұз бен бұрыш сұрап едім, әкелгенін қараңыздаршы. Үстелдің аяғы ма деп қалдым. Оң қолымдағы-тұз, сол-бұрыш», — деп жазды депутат.
Оқырмандары да депутаттың пікірін қостай кетті.
«Тіс шұқығыш сұрасаң қылыш әкеп беретін шығар», «үстелдің аяғы ма деп қалдым менде», «үстелдің аяғы дегендер қаншаумыз» және «уксус сұраса не әкеледі» деп жазып жатыр олар.



